
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Dada Gorgud» жартылай батырылатын бұрғылау қондырғысында (ЖББҚ) оқу-дабылы және аварияға қарсы жаттығуларға қатысты. Оқу-дабылы тақырыбы: ««Жеңіс Оперейтинг» ЖШС-нің «Жеңіс» учаскесінде V-1 іздеу ұңғымасының құрылысы кезінде бақыланбайтын атқылама».
Оқу-дабылы және аварияға қарсы жаттығулардың негізгі мақсаттары:
- мұнайдың теңізге, бақыланбайтын атқылама және аварияларды жою салдарынан төгілулерін жою және зардап шегушілерді құтқару бойынша, бұрғылау компаниясының басшы құрамы мен қызметкерлерінің ұңғыманы басқаруына даярлық дәрежесін айқындау;
- теңізге мұнайдың авариялық төгілуін уақтылы жою үшін қолда бар және тартылатын күштер мен құралдардың жеткіліктілігін бағалау;
- қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің жұмысын тексеру болып табылады.
Оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығулардың нәтижелері бойынша қызметкерлердің іс-қимылдарына бағалау жүргізілді және тиісті ескертулер мен ұсыныстар берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті