
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметке алғаш кірген мамандардың ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Іс-шара барысында мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Кеңес Уахитұлы Бахытов және тау-кен өнеркәсібіндегі және жару жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Торежан Мирамович Джусиев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.
Департамент басшысы Ербол Байдильдаевич Манакбаев мамандарды ант қабылдауымен құттықтады және мемлекеттік қызметтегі еңбектеріне табыс, кәсіби өсу және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді тіледі
ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті