
2023 жылғы 5 сәуірде сағат 11:54 шамасында Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 189, «Салтанат» ТК, салынып жатқан объектінің аумағында мұнара кранының құлауы орын алды (кран иесі АружанСтрой» ЖШС).
Нәтижесінде кран операторы сол жерде алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Кранның құлау себебі анықталуда (жел жылдамдығы 3 м/с дейін).
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы барды.
Департамент осы аварияны тергеу үшін комиссия құратын болады. Тергеу нәтижелері қосымша хабарлантын болады.
ҚР ТЖМ ӨҚК Ақмола облысы бойынша департаменті