«Шығыстүстімет» ЖШС-мен Мемарандумға қол қойылды

«Шығыстүстімет» ЖШС-мен Мемарандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті және «Шығыстүстімет» ЖШС арасында техникалық құрылғылардың жай-күйін қашықтан бақылаудың цифрлық технологияларын енгізу арқылы қауіпті өндірістік объектілерді қадағалау қызметін дамытуды көздейтін Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның басты міндеттері:

- қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша бірлескен күш-жігерді қолдану;

- өнеркәсіптіктегі қауіпсіздікті ұйымдастыруға қатысты ақпаратпен, сондай-ақ тиісті заңнама саласындағы ақпаратпен алмасу арқылы, өнеркәсіптіктегі қауіпсіздікті цифрландыру саласындағы тараптардың ынтымақтастығы;

- екіжақты кездесулер мен семинарлар түріндегі тәжірибе алмасу арқылы, өнеркәсіптік қауіпсіздікті цифрландыру саласындағы тараптардың ынтымақтастығы.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтарды уақтылы анықтау және ықтимал авариялық жағдайларға жедел ден қою мақсатында Департамент Шығыс Қазақстан облысының қадағалаудағы кәсіпорындарымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрландыру бойынша меморандум жасасу бойынша жұмыс жүргізуде.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті