
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің қолдауымен «AQJAIYQ» телеарнасының «Елге қызмет» бағдарламасында тікелей эфирде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Салааралық қадағалау бөлімінің басшысы Е. Токсанбаев сұхбат берді.
Бағдарлама барысында Департаментпен көрсетілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтердің түрлері, оларды көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттардың тізімі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер кеңінен айқындалды.
Сұхбат соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қызықтыратын сұрақтарына жауап берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті