«Қашары руда» АҚ оқу дабылы өтті

«Қашары руда» АҚ оқу дабылы өтті

2023 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы «2023 жылға арналған оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығулардың бекітілген жоспарына» сәйкес «Қашары руда» АҚ қауіпті өндірістік объектісінде оқу дабылына қатысты. Оқу дабылының тақырыбы: «Жанармай құюшыдан дизельді технологиялық жабдыққа дизель отынын құю кезіндегі өрт».

Оқу дабылы жұмыскерлерді авария, қауіпті өндірістік объектілерде оқыс оқиға болған жағдайда іс-әрекетке үйрету және авариялық жағдай туындаған кезде қажетті дағдыларды игеру, сондай-ақ шұғыл қызметтер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлердің аварияны жоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізілді.

Оқу дабылының нәтижесі бойынша қызметкерлердің іс-әрекеттеріне талдау және бағалау жүргізілді, тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті