«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» семинар-кеңесі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» семинар-кеңесі

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын және Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы бойынша сабақты ұйымдастыру жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаментінің Превенция басқармасының офицері А.Ж. Алпысбаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары, озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Семинарға қатысушылар тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылады (жауапкершілік шаралары мен жаза түрлері, байланыс орталықтарының жұмысы және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау кезіндегі анонимділік және басқалар) және пікір алмасты. 

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Жетісу облысы бойынша департаменті