Батыс Қазақстан облысында мұнара крандардың иелерімен семинар-кеңес өтті

Батыс Қазақстан облысында мұнара крандардың иелерімен семинар-кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мұнара крандарын пайдаланатын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Кеңес барысында мұнара крандарын пайдаланудағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, оларды бұзған жағдайда қандай зардаптарға әкелетіндігі туралы түсіндіу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ6 Республика бойынша құрылыс нысандарында мұнара крандарымен орын алған авариялардың статистикалық деректері келтіріліп, осы аварияларға әкеп соққан өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуының нақты мысалдары қарастырылды. Кеңес қатысушылары сұрақтар қойып, пікірлермен алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға мұнара крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі туралы жаднамалар таратылды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті