Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Инкай» БК» ЖШС филиалының қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі геологиялық барлау жұмыстары, құрамында уран бар кендерді өндіру, сақтау, тасымалдау және өңдеу, уран пероксидін сату болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 24 объекті тексеріліп (өңдеу кешені, күкірт қышқылы мен аммиак селитрасы қоймалары, технологиялық полигон), бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 28 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Түркістан облысы бойынша департаменті