
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде мұнай-химия, мұнай өңдеу салалардағы қауіпті өндірістік объектілерді, мұнай базаларды мен автожанармай құю станцияларын пайдаланатын кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кеңес барысында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына жаңадан енгізілген толықтырулар мен өзгерістер түсіндірілді.
Қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, нәтижесі бойынша мұнай-химия, мұнай өңдеу салалары, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша кейбір ұсыныстар ұсынды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы қаласы бойынша департаменті