Жарылыс ісі жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы

Жарылыс ісі жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы

2023 жылғы 16 наурызда Zoom бейнебайланыс платформасы арқылы ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Танабаевтың төрағалығымен Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының өтініші негізінде Жарылыс ісі жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.

Жұмысқа Кеңес мүшелері (оларды алмастыратын адамдар), сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері (ҚР ҰҚК АТО, ҚР ИИДМ) қатысты.

Отырыс барысында өзекті мәселелер талқыланды, атап айтқанда:

- тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын жару құралдарының тапшылығы;

- өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдарды импорттауға лицензия беру мерзімдерін қысқарту.

Сонымен қатар, «Центр технологического развития Интеллектуальных Систем» ЖШС Кеңес қатысушыларына Өнеркәсіптік жарылғыш материалдарды электрондық есепке алудың бірыңғай жүйесін құру тақырыбында презентация жасады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті