Қауіпті өндірістік объектілерде бақылау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен кеңес өтті

Қауіпті өндірістік объектілерде бақылау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінде Қостанай облысының аумағындағы газ-техникалық инспекция функциялары жүктелген «Қостанай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ және «Қостанай облысының сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» ММ өкілдерінің қатысуымен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбында кеңес өтті.

Кеңес барысында қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды және газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, атап айтқанда:

- тексерулерді ұйымдастыру тәртібі;

- электрондық жүйелерде тексерулерді ресімдеу;

- әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті өндірістік объектілерді айқындау және кәсіпкерлік субъектілерінің/объектілерінің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін тізімді қалыптастыру.

Кеңес нәтижелері бойынша мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне:

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізу;

- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін және жеке тұрғын үйлерді, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін, газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерін, автогаз құю станцияларын аралауды жүзеге асыратын мобильді топтардың жұмысын жалғастыру;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік түрлерін көрсете отырып, тұрмыстық газ баллондарын құюға жол бермеу туралы автогаз құю станцияларының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру бойынша ұсынымдар берілді.

 

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті