«Astana Railway Services» ЖШС «Арыс вагон жөндеу депосы» филиалына профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

«Astana Railway Services» ЖШС «Арыс вагон жөндеу депосы» филиалына профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Astana Railway Services» ЖШС «Арыс вагон жөндеу депосы» филиалының қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі вагондарды жөндеу, жүк көтергіш механизмдер мен қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтарды пайдалану болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 22 объекті тексеріліп (көпірлі және тіреуіш крандар, ыдыстар және басқа да қауіпті техникалық құрылғылар), бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 9 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Түркістан облысы бойынша департаменті