Ант қабылдау рәсімі өткізілді

Ант қабылдау рәсімі өткізілді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында салтанатты жиналыста мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген маманды ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Департамент басшысы Талғат Тоқсанәділұлы Байзақов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті басшылығының құттықтауларын жеткізіп, мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтады. Ант қабылдаған салааралық қадағалау бөлімінің бас маманы А. Әлімбекке жұмыста табыс және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді тіледі.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті