
Төрағаның міндетін атқарушы Муса Турманович Танабаев ұжымның нәзік жандыларын «8 наурыз» Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Салтанатты жиналыс барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Комитет қызметкерлері марапаттарға ие болды.
«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен – Талдау, жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы Ержан Мукатаевна Бекбаулова марапатталды;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің грамотасы – Кадр саясаты және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының бас сарапшысы Мөлдір Сержанқызы Қаржасқа табысталды;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатын Қаржы және әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы Арайлым Қарасайқызы Аязова иеленді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті