Жарылыс жұмыстарының сейсмикалық әсерін төмендету

Жарылыс жұмыстарының сейсмикалық әсерін төмендету

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2023 жылғы 20 ақпаннан 25 ақпан аралығында Ақсу кентінің жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен және «АК Алтыналмас» АҚ өкілдерімен бірлесе отырып, жарылыс жұмыстарына комиссиялық бақылау жүргізді.

Жарылыс жұмыстарының жүргізілу мақсаты «АК Алтыналмас» АҚ Ақсу кен орнында жүргізілетін жарылыстар арасындағы уақыт интервалын белгілей отырып, бір мезгілде жарылатын тау-кен массасын азайту арқылы Ақсу кентінің тұрғын үй құрылыстарына әсер ететін жарылыстар салдарларының ықпалын азайту әдістерін таңдау болып табылады.

Жүргізілген жұмыстар барысында жарылыс жұмыстарын жүргізу учаскесі (карьер) тексерілді және жарылыс жұмыстарының жобалық құжаттамасы зерделенді. Бақылау жарылыстары Zetlab сейсмикалық әсерін оқу құралдарын қолдана отырып, әзірленген бағдарлама бойынша жүргізілді.

Бақылау жарылыстарының қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда бақылау және бұрын жүргізілген жарылыстардың нәтижелері қаралды.

Алынған нәтижелерді талдағаннан кейін комиссия келесі шешімдерді:

- тау жыныстарын қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары аптасына бір реттен артық жүргізбеу;

- жарылатын тау-кен массасының жалпы көлемі жобалық мәннен аспауы;

- жарылыстар арасындағы уақыт аралығын белгілей отырып, оны екі бөлікке бөлу арқылы бір мезгілде жарылатын тау массасының көлемін азайту;

- тау-кен массасын қопсыту электрлік емес жүйелерді қолдана отырып, қатардағы ұңғымалар арасындағы баяулау интервалдарымен және электронды баяулау жүйесімен жүргізілу;

- жарылыс жұмыстары күндізгі уақытта ғана жүргіз ұсынды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Ақмола облысы бойынша департаменті