2023 жылғы 1 наурызда сағат 19:00 шамасында Алматы қаласында Өтеген батыр көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан «Эверест» ТК құрылыс объектісінде адамдарды 7-қабат деңгейінде құрылыс ыдысына отырғызып, мұнара кранымен тасымалдау жүргізілген.
«Everest Development» ЖШС тапсырыс беруші, «7 Stroi Development» СК ЖШС бас мердігер, ал «Diana Group» ЖК қосалқы мердігерлік ұйым болып табылады.
Адамдардың тасымалдау нәтижесінде құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Г.Т. Бабаев барып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұдан басқа, Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘҚБтК 298 – бабы 1 – бөлігі) заңды тұлға – «Diana Group» ЖК (30 АЕК) және жеке тұлға – кран машинисі (10 АЕК) тартылды.
Алматы қаласы бойынша ҚР ТЖМ ӨҚК департаменті