Алматы қаласында Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде автогаз толтыру компрессорлық станцияларын пайдаланатын кәсіпорындар өкілдерінің және Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кеңес барысында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына жаңадан енгізілген толықтырулар мен өзгерістер түсіндірілді.

Қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, талқылау нәтижелері бойынша газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде кейбір ұсыныстар ұсынды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы қаласы бойынша департаменті