
2023 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі Аким Ерланович Сактапбергеновтың, Қоғамдық кеңес мүшесі Аркадий Набиевич Тулепбергеновтың, Департаменттің жеке құрамының (Балқаш және Теміртау қалалары бөлімдерінің қызметкерлері онлайн-режимде) қатысуымен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл, Департамент басшысының орынбасары А.Т. Абылкасымов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Өз сөзінде А.Е. Сактапбергенов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы таныстырып, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті. Сондай-ақ ұйымдарда комплаенс-офицерлер қызметін құру туралы мәселе қаралды.
Қоғамдық кеңестің мүшесі А.Н. Тулепбергенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы, Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Семинар-кеңесті қорытындылай келе, Департамент қызметкерлеріне өз іс-әрекеттері мен мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп бермеу, сын үшін қудалауға жол бермеу, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалану, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тапсырылды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті