Абай облысында мемлекеттік қызметшілер арасында шаңғы жарысы өтті

Абай облысында мемлекеттік қызметшілер арасында шаңғы жарысы өтті

2023 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Алғыс айту күні» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында шаңғы жарысы бойынша чемпионат ұйымдастырды.

Аталған чемпионаттың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметшілер арасында қысқы спорт түрлерін дамыту болып табылады.

Чемпионатқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Ерлер арасындағы жарыста Ердос Маратұлы Бейлханов жүлделі екінші орынды иеленді.

Әйелдер арасындағы жарыста жүлделі үшінші орынды Сымбат Сағындыққызы Кәкімова иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге медальдар мен грамоталар табысталды.

 

Абай облысы бойынша ҚР ТЖМ ӨҚК департаменті