Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары туралы

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұловтың, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Жұлдыз Еркінбекқызы Қыпшақбаеваның, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Есенәлі Жарылқасынұлы Исаның қатысуымен «Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары туралы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары жөнінде және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарының сақталу мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.

Кеңес қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті