Жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша семинар-кеңес

Жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша семинар-кеңес

2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Орал қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны штабының бастығы С.Е. Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы заңнамасын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Кеңес барысында С.Е. Рысқалиев облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша статистикалық деректерді ұсынып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, сондай-ақ жол қозғалысы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіріп берді.

Кеңеске қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жолдардағы түрлі өмірлік жағдайларды талдап, пікір алмасты.

Кеңес қорытындысы бойынша Департаменттің жеке құрамына жол қозғалысы ережелерін сақтау тапсырылды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті