
Қарағанды қаласында соңғы уақытта тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Көппәтерлі, көпқабатты (9-16 және одан жоғары) үйлер мен тұрғын үй кешендері салынуда.
Құрылыс алаңдарында негізінен әртүрлі жүк көтергіштігі бар КБ типті мұнара крандары орнатылған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде 70 бірліктен астам мұнара крандары есепте тұр.
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің» 137-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша Департаментпен тексерулер жүргізіледі.
Тексеру барысында өнеркәсіп салаларында, құрылыс жұмыстарында не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қадағалайтын объектілерде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша белгіленген талаптардың бұзылуы анықталған кезде Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 298 бабы 1-бөлігі бойынша заңды тұлғаларға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларда, соттың шешімінсіз ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрып немесе тыйым салып, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арызын жолдайды.
Мұнара крандарының құрылыс алаңдарында монтаждауға, пайдалануға беруге және пайдалануға байланысты авариялар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында Департамент мұнара крандарының иелері мен пайдаланатын ұйымдарына:
- жүк көтергіш механизмдерді жөндеуді, реконструкциялауды, жаңғыртуды және пайдалануды, жүктер мен адамдардың орнын ауыстыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2014 ж. № 359 бұйрығымен бекітілген) талаптарын қатаң сақтау;
- жүк көтергіш крандарды, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғыларының ыдыстары, кран жолдарын ақаусыз күйде ұстау және тиісті куәландыруды, зерттеуді, қарауды, жөндеуді, қадағалауды және қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен жұмыстардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету ұсынылады.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті