
2023 жылғы 2 ақпанда «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облыстық филиалының қабырғасында «Қауіпсіз газ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Кеңеске Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының, жергілікті атқарушы органның (тұрғын үй инспекциясы), газбен жабдықтаушы ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа мүдделі тұлғалардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қауіпті техникалық құрылғыларды, мұнай химиясы объектілерін және магистралдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы – Нұрмағамбет Нәжмиденұлы Ештаев автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын құюға жол бермеу туралы қатысушылардың назарын аударып, бұл әртүрлі факторлардың әсерінен баллондардың жарылуына әкелуі мүмкін екендігін атап өтті.
Кеңес барысында қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, талқылау нәтижелері бойынша газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде кейбір ұсыныстар ұсынды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті