
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесіп Ақтау қаласының аумағында орналасқан автогаз құю станциясының қызметкерлерімен тұрмыстық газ баллондарының жарылу жағдайларының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.
Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдаланатын объектілердегі тұрмыстық газ баллондарының жарылыстарының жиілеп кетуін ескере отырып, сондай-ақ тұрғын үйлердегі төтенше жағдайлардың, адамдардың қаза табуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында іс-шара барысында автогаз құю станцияларының қызметкерлеріне тұрмыстық газ баллонын толтыру тыйым салу туралы ескертілді және жадынамалар таратылды.
Автожанармай құю станцияларының иелеріне тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол бермеу туралы ақпараттық стендтер орналастыру ұсынылды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті