«Казфосфат» ЖШС – «Химия зауыты» Степногорск филиалын жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«Казфосфат» ЖШС – «Химия зауыты» Степногорск филиалын жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары өтініш берушінің өтініші мен шағымы негізінде «Қазфосфат» ЖШС – «Химия зауыты» Степногорск филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі минералды тыңайтқыштар шығару болып табылады.

Тексеру барысында өндірістік объект – бас ғимараттың № 19 ғимараты тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 3 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1 және 3-тармақтары бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар қолданылды.

Бұдан басқа, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бұзушылықтардың болуына байланысты кәсіпорынның бас корпусының № 19 өндірістік ғимаратының объектісін тоқтата тұру түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды. Тоқтата тұруға талап арыз Ақмола облысының экономикалық сотына жолданды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Ақмола облысы бойынша департаменті