
2023 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Айдос Амантайұлы Магрубжановтың, Қарағанды қаласы Полиция басқармасының патрульдік полициясы полк ротасы командирінің орынбасары, полиция аға лейтенанты Ерасыл Сәбитұлы Мұрат және Департаменттің жеке құрамының (Теміртау және Балқаш қалаларының бөлімдері онлайн форматта) қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларын және жол қозғалысы ережелерін сақтау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Айдос Амантайұлы мен Ерасыл Сәбитұлы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің нормаларын түсіндірді. Кеңеске қатысушылар өз сұрақтарын қойып, өмірлік жағдайларды талдап, пікір алмасты.
Кеңес қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы және жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу тапсырылды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті