«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» семинар кеңесі

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» семинар кеңесі

2023 жылғы 8 ақпанында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің маманы Нұргүл Мұқатайдың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындда семинар-кеңес өткізілді (онлайн форматта).

Кеңес барысында Н. Мұқатай Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы баяндап берді.

Кеңес қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау бойынша тапсырмалар берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті