
2023 жылғы 7-8 ақпан аралығында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС алаңында кәсіпорынның тәуекел факторларын ескере отырып, жабдықтың техникалық куәландырылуын жоспарлау мен жүргізудің, сондай-ақ оның тұтастығы мен пайдалану дайындығын жақсарту, активтерді басқару процесін оңтайландыру мақсатында аса маңызды жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен оның жай-күйін бақылауды белгілейтін ҚР СТ 3731-2021 «Мұнай және газ өнеркәсібі. Тәуекел факторларын ескере отырып, жабдықты техникалық куәландыру» стандартын қолдануға көшу мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы С.Т. Дәулетов және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында кәсіпорын тәуекел факторларын ескере отырып, техникалық куәландыруды жүргізу бойынша ұсынылған әдістемені көрсетті. Осы тәсілді іске асыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен (БҚ) танысу жүргізілді. Meridium APM мүмкіндіктері көрсетілді. Механикалық тұтастық тобының модульдері – «RBI», «Қалыңдық өлшегіш», «Инспекцияны басқару» қарастырылады.
Тәуекел факторларын ескере отырып, техникалық куәландыруды жүргізу үшін инспекциялар жоспарын қалыптастыру үшін «RBI» Meridium APM модулінде жабдыққа талдау жүргізу рәсімі қаралды. Алынған нәтижелерді талқылау жүргізілді.
Сокольский атындағы Алматы отын, катализ және электрохимия зерттеу институтының ұсынысы бойынша тәуекел факторларын ескере отырып, кәсіпорынның техникалық куәландыруды кезең-кезеңмен іске асыруға дайындығы талқыланды.
Бұдан басқа, «RBI» Meridium APM тәуекел факторлары негізінде техникалық куәландыруды жүзеге асыру бойынша Департаментінің инспекторлық құрамын оқыту мәселесі қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша тәуекел факторларын ескере отырып, техникалық куәландыру рәсімін өткізудің кезеңдік ауысуы бойынша бастапқы кезеңде нормативтік қызмет мерзімін өтемеген қысыммен жұмыс істейтін жабдық үшін кесте әзірлеу ұсынылды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша департаменті