«АК Алтыналмас» АҚ жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы

«АК Алтыналмас» АҚ жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2023 жылғы 6-8 ақпан аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу кентінің тұрғындарының өтініштері мен шағымдары негізінде «Ак Алтыналмас» АҚ жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі құрамында алтыны бар кендерді өндіру болып табылады.

Тексеру барысында жарылыс жұмыстарын жүргізу учаскесі (карьер) және жарылыс жұмыстарының жобалық құжаттамасы тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жаза қолданылды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі анықталған бұзушылықтары:

- екпінді-ауа толқынының әсерінен нақты қашықтық дұрыс орнатылмаған;

- екпінді-ауа толқынының әсерінен қауіпсіз қашықтықты анықтау кезінде есептеулердегі қателік жіберілген;

- есептеулерде ауаның теріс температурасы қауіпсіз қашықтықтың кемінде 1,5 есе артатыны ескерілмеген және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша департаменті