
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу» тақырыбында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Р.Г.Мұратовтың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Р.Г. Мұратов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша талаптарды түсіндіріп, оларды бұзған жағдайдағы салдары жөнінде айтты өтті. Кеңеске қатысушылар өз сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістері жөнінде пікірлермен алмасты және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке бағытталған бейнероликтерді тамашалады.
Кеңес нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін мүлтіксіз орындау бойынша тапсырма берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті