Павлодар облысындағы авария туралы алдын ала ақпарат

Павлодар облысындағы авария туралы алдын ала ақпарат

2023 жылғы 10 ақпанда сағат 17.00-де Павлодар қаласы М. Горький к-сі 46 үй, маркасы КС-5363А (жүк көтергіштігі 25 тонна) пневмокөлік жүрісінде жебе типтегі кранын ауыстырған кезде жебе ауытқып, жебе жақын тұрған бір қабатты дүкенге құлады.

«Малайсары» ЖШС құрылысшысы болып табылады, кранының иесі ЖК «Бейсенов».

Зардап шеккендер болған жоқ.

Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін Департаментпен ааварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылатын болады.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Павлодар облысы бойынша департаменті