2023 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.К. Мақажанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аумақтық департаменттердің басшыларымен селекторлық кеңес өткізді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі аумақтық департаменттердегі ахуал талқыланды. Аумақтық департаменттердің барлық басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алуға бағытталған жоспарлар мен бағдарламалар бойынша барлық іс-шараларды толық көлемде орындау бойынша тапсырма берілді.
Бұдан басқа, қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылауды күшейту және оның талаптарын әрбір қызметкерге жеткізу тапсырылды.
Бірінші басшылардың бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілігі туралы атап өтілді.
Талқылау нәтижесінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең жақсы тәсілі – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің өзіндік үлгісі деген жалпы пікір қабылданды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті