«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заман талабы» семинар-кеңес Жамбыл облысы бойынша департаментте өткізілді

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заман талабы» семинар-кеңес Жамбыл облысы бойынша департаментте өткізілді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Г. Бақытжанқызының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заман талабы» тақырыбында семинар-жиналыс өткізілді.

Кеңес барысында Тау-кен өнеркәсібін мемлекеттік қадағалау бөлімнің бас маманы Б.А. Абжанов тақырып бойынша баяндама жасап, қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкіліне қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өзара пікірлерімен алмасып, тақырыпқа сәйкес бейне ролик тамшалады.

Кеңес қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.

 

Жамбыл облысы бойынша ҚР ТЖМ ӨҚК департаменті