Тұрғын үй инспекцияларының қызметкерлеріне газ және газбен жабдықтау саласында бақылауды жүзеге асыру мәселелері түсіндірілді

Тұрғын үй инспекцияларының қызметкерлеріне газ және газбен жабдықтау саласында бақылауды жүзеге асыру мәселелері түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен «Газ және газбен жабдықтау саласында бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында жергілікті атқарушы органның тұрғын үй инспекциясының бөлім басшылары мен мамандарының және Алматы облысының аумағында газтехникалық инспекция функциялары жүктелген жауапты тұлғалардың қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында қатысушылар газ және газбен жабдықтау саласындағы бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелері, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтары объектілерімен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар жөніндегі мәселелерді талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша аудандық және қалалық әкімдіктердің өкілдеріне:

- газ желісі ұйымынан коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге шарт жасаспай, тұрмыстық газ баллондарын пайдалануға жол бермеу туралы жергілікті халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету;

- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін және жеке тұрғын үйлерді, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін, газ толтыру станцияларын және газ толтыру пункттері, автогаз құю станцияларын аралауды жүзеге асыратын мобильді топтар құру;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік түрлерін көрсете отырып, газ құю бекеттерінің иелерімен тұрмыстық газ баллондарына жанармай құюдың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша ұсынымдар берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті