Комитет төрағасының Алматы облысына жұмыс сапары

Комитет төрағасының Алматы облысына жұмыс сапары

2023 жылғы 03 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.К. Мақажановтың Алматы облысына жұмыс сапары өтті.

Төраға жаңадан құрылған департаменттің жеке құрамымен кездесіп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейімен танысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметкерлермен Департамент қызметіне байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.

Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевпен және ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы А.Т. Тойчубековпен кездесу өткізіліп, онда аумақтың қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйінің мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, төраға Қонаев қаласының құрылысы мен дамуының бас жоспар-эскизімен танысты.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті