Азаматтық қорғау қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Азаматтық қорғау қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.К. Макажанов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет майоры А.Ж. Мамыт, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттерінің, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті және «РЕЗЕРВ» РМК қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын практикалық іске асыру. Парасаттылыққа тексеру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Комитеттің және оның аумақтық департаменттерінің қызметі – қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған. Осыған байланысты, төраға кәсіпорындардағы қызметкерлердің және жақын маңдағы елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмірі қабылданатын шешімдерге байланысты екендігін ескере отырып, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне немқұрайлылық танытуға жол беруге болмайтындығы атап өтті.

Семинар-кеңес барысында А.Ж. Мамыт Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтып берді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткізілген «Парасаттылықты тексеру» тестілерінің нәтижелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылармен кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау, белгісіз тұлғалардың қызметкерлердің жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жағдайы, сондай-ақ қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша:

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын тұрақты негізде сақтауға;

- заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу және басқа да ұсыныстар берілді.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті