
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінде, Бақылау бойынша басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы) өкілінің қатысуымен Семей қаласының мұнара крандарының иелерімен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қауіпті техникалық құрылғылардың иелеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптары түсіндірілді, жыл басынан бері республика аумағында тіркелген авариялар мен инциденттер бойынша статистикалық деректер келтірілді және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың нақты мысалдары қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға Департамент қызметкерлері әзірлеген жүк көтергіш механизмдермен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша жадынамалар таратылды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті