«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Жылыту кезеңінде газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі туралы» тақырыбында брифинг өтті

«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Жылыту кезеңінде газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі туралы» тақырыбында брифинг өтті

«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Жылыту кезеңінде газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Газбен жабдықтау жүйелерін, қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтарды және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Ринат Қажымұратұлы Рахимбулеков және ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Самат Кенжеханұлы Кенжехан сөз сөйледі.

Баспасөз конференциясы барысында тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Брифинг соңында спикерлер азаматтарды жылу беру маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті