Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «СКФ Отделстрой» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі қоғамдық, тұрғын және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды салу, жөндеу және реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Тексеру барысында 7 жүк көтергіш механизм тексеріліп, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 3 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Анықталған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары:
- баллондарды тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша техникалық регламент жасақталмағандығы;
- объект аумағында орнатылған жүк көтергіш механизмдердің техникалық куәландыруы өткізілмегендігі;
- одан әрі қауіпсіз пайдаланудың ықтимал мерзімін айқындау үшін нормативтік қызмет мерзімі өткен техникалық құрылғылардың сараптамасы өткізілмегендігі болып табылады.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті