«Өркен» ЖШС Лисаков филиалын тексеру нәтижелері

«Өркен» ЖШС Лисаков филиалын тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне сәйкес «Өркен» ЖШС Лисаков филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі темір рудасын ашық түрде өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 12 объект (карьерлер, фабрика, зертхана, прекурсорлар қоймасы, иондаушы сәулелену көздері, оттегі станциясы, компрессорлық станция, газ шаруашылығы, қалдық қоймалары, автожанармай құю станциясы бар жанар-жағармай материалдары қоймасы) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 74 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- су төгетін арықтарды тазарту бойынша іс-шаралар жүргізілмегендігі (шөппен толып кеткен);

- автомобиль съездерінің еңістері жобалық параметрлерден ауытқулармен сақталғандығы;

- ККС-30 кранының кран жолын кешенді тексеру бойынша сараптамалық қорытындының ескертулері жойылмағандығы және басқалары болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Компрессорлық станциялардың пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті