
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Костенко атындағы» шахтасындағы қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларға тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жерасты тәсілімен тас көмірді өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 170 нысан тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 212 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- нормативтік қызмет мерзімін өтеген техникалық құрылғыларға оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау мақсатында сараптама жүргізілмегендігі;
- өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды тексеру және диагностикалау жүргізілмейтіндігі;
- ауаның рұқсат етілген жылдамдығынан асатын қазбаларды пайдалануға жол берілуі;
- қазбаларды бұзу және қайта бекіту бөлігінде желдетуді жақсарту бойынша іс-шаралар орындалмайтындығы;
- локомотивті тасымалдаудың рұқсат етілген нормаларынан асып кетуі.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа гор.-100 Тасымалдау квершлагы (145-пикеттен 198-пикетке дейін) кен қазбасын және Технологиялық кешеннің №8 Галереясын тоқтата тұру туралы талап арыз жолдау түрінде жедел ден қою шаралары қабылданды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті