Бірінші ойындағы волейбол командасының нәтижелері

Бірінші ойындағы волейбол командасының нәтижелері

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері арасында спартакиада өтуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің волейбол командасы бірінші ойында Азаматтық қорғаныс комитетінің командасын «2 – 1» есебімен жеңді.

Жарыс:

- дене шынықтыруды және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау;

- спорт түрлерін дамыту және танымал ету;

- өзара сыйластық пен командалық бірлікті қалыптастыру;

- үздік командалар мен спортшыларды анықтау мақсатында өткізіледі.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті