
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне сәйкес «Восход-Oriel» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жерасты тау-кен және жарылыс жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Тексеру барысында: «Восход» кеніші, жарылғыш материалдарды сақтау қоймасы, ЖЖМ сақтау қоймасы тексеріліп, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 33 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 297-бабы 1-бөлігі және 298-бөлігі 1-бөлігі бойынша айыппұлдар түрінде әкімшілік жаза қолданды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:
- ауысымдық журналда жабдықтар мен құбырларды тоқтату туралы кезекті техникалық куәландыруды жүргізу туралы жазбалардың болмауы;
- компрессорлық станцияның технологиялық құбырларын техникалық куәландыру актілерінің болмауы;
- крандармен жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғаларды, крандардың машинистерін (операторларын), оның ішінде еденнен басқарылатындарды, арқандап тігушілерді технологиялық регламентпен (жүк көтергіш машиналар мен крандарды қауіпсіз пайдалану бойынша) танысу (қол қою арқылы) туралы талаптардың сақтамауы;
- жұмыс орнында кранмен тасымалданатын негізгі жүктердің олардың массасы көрсетілген тізімдерінің болмауы (ЖКМ пайдаланылатын барлық үй-жайларда);
- аварияларды жою жоспарында авария болған жағдайда хабарланатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі сәйкес келмеуі;
- тексеру кезінде орындарда бетон бекіткіштің қабыршақтануының болуы;
- кеніш ауасының сапалық құрамын зертханалық талдаумен тексеру жүргізілмегендігі. Тексеру кезінде авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері «Полар және «Полар Универсал» көп компонентті газ талдағыш құралымен кеніш ауасының сапалық құрамын тексеруді жүзеге асырды, бұл ретте авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері бұл аспапты қалай пайдалану керектігін білмейтін болып шықты.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Компрессорлық станциялардың пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті