
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Қыздарбеков тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын жүзеге асыратын (есепте 96 мұнара краны бар) «CenterPlast» ЖШС құрылыс компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қ.А. Қыздарбеков жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын мүлтіксіз сақтау, техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жиынтық жоспарды орындау, техникалық персоналды уақтылы және сапалы оқыту қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында жүк көтергіш механизмдерді пайдалану жөнінде жадынамалар таратылды, сондай-ақ Департаменттің мемлекеттік көрсетілетің қызметтер тәртібі түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті