
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ.А. Қыздарбеков қала әкімінің орынбасары Н. Ж. Нұркеновтың төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысына қатысты.
Отырыс барысында Қ.А. Қыздарбеков жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі жиынтық жоспардың орындалуы (барлығы 259 кран ауыстырылған: 2020 жылы – 27, 2021 жылы – 107, 2022 жылдың басынан – 125), авариялыққа жүргізілген талдау туралы айтып берді.
Сондай-ақ, отырыста: жалақы бойынша берешекті өтеу, өндірістік жарақаттану, құрылыс саласына тартылған қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар және басқа да өзекті мәселелер туралы баяндамалар тыңдалды.
Отырыс соңында қатысушыларға жүк көтергіш механизмдерді дұрыс пайдалану туралы жадынамалар таратылды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті