
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылғы екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес,«Қызылқұм» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі уран өндіру және өңдеу болып табылады.
Тексеру барысында: «Хорасан-1» уран кенші, ерітінділерді қайта өңдеу цехы, геотехнологиялық алаң, технологиялық желілер және басқалары теексеріліп, бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 45 бұзушылығы анықталды. Мемлкеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік айыппұл ретінде жаза қолданылды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті