«ИШИМ ГАРАНТ» ЖШС тексеру нәтижелері

«ИШИМ ГАРАНТ» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары, 2022 жылдың екінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ИШИМ ГАРАНТ» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын аралас ауылшаруашылық өндірісімен айналысады, бұл ретте компания қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланады.

Тексеру барысында 35 нысан (СМГ қоймасы, жанар май сақтау қоймалары және элеватор) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 12 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының негізгі бұзушылықтары:

- сорғының сору және айдау құбырларында, әрбір сорғы агрегатында манометрлердің болмауы;

- резервуардың металл конструкцияларын коррозиядан қорғауы болмауы;

- резервуарларды мерзімді тазалау жүргізілмегендігі;

- резервуарларды ішінара тексеру нәтижелерінің болмауы;

- резервуарларды тексеру және кешенді дефектоскопия нәтижелері бойынша техникалық қорытындылардың болмауы;

- пайдалану шарттарына сәйкес келетін бөлу шамасы деңгейінде қызыл сызықтың манометрі шкаласында болмауы және басқалар болып табылады.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті