
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, сондай-ақ мұнара крандарын пайдаланатын ұйымдардың қатысуымен «Шымкент қаласының аумағындағы құрылыс алаңдарында жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қатысушылар кәсіпорындардағы өндірістік бақылау, мұнара крандарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау, Нормативтік қызмет мерзімін өтеген крандарды тексеруге қойылатын талаптар, сондай-ақ туындаған проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары мәселелерін талқылады.
Кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мұнара крандарының операторларына (машинистері) үшін қажетті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары қысқаша көрсетілген «Мұнара краны операторының (машинистінің) жадынамасы» табыс етілді.
Кеңес нәтижелері бойынша жүк көтергіш крандарды пайдаланатын ұйымдарға:
- құрылыс алаңдарында мұнара крандарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды күшейту;
- құрылыс ұйымдарының жауапты тұлғалары мен мұнара крандарының иелері тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды күшейту;
- бірінші кезекте құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің, жүктерді жинаудың, жылжымалы құрамды тиеу мен түсірудің технологиялық регламенттерін әзірлеу және өндіріс орнында беру;
- крандармен жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты адамдарды, кран машинистері мен итарқа салушыларды технологиялық регламенттермен (қол қойғызып) таныстыру;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлерді сапалы даярлау және аттестаттаудан өткізу;
- мұнара крандарының қорғаныш панельдерін пломбалау және құлыптау, өздігінен жүретін жебелі крандардың жүк көтергіштігін шектегіштердің релелік блоктарын пломбалау тәртібін белгілеу;
- нормативтік қызмет мерзімі өткен мұнара крандарын ауыстыру туралы мәселені қарастыру немесе оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың ықтимал мерзімін анықтау үшін сараптама жүргізу және басқа ұсыныстар берілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті