
Қазақстанда жыл сайын 19 қазан – «Құтқарушылар күні» атап өтіледі.
«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы № 2541 жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті – елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде құрылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күні болып табылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыра отырып, осы саланың басты міндетін – азаматтардың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін қауіпті өндірістік объектілердегі техногендік авариялардың алдын алуды орындайды, осылайша қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіз тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.
Кәсіби мерекені мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлері ведомстволық наградалармен:
«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:
- ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Салааралық қадағалау басқармасының басшысы Сәбит Базарбайұлы Тойбағаров;
- ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау № 4 бөлімінің басшысы Сергей Михайлович Брагин;
- ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі және магистральдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы – Айдар Нұрәлиұлы Әбуов;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің грамотасымен:
- ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мұнай-газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы Азат Адуллаұлы Тағаев;
- ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Медет Айдарұлы Айдаров;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хатымен:
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Салааралық қадағалау бөлімінің бас маманы – Асхат Болатұлы Құрманиязов марапатталды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті